Алматыдағы балабақшада балалардың жаппай улану оқиғасы орын алды

Басқарма ақпаратына сәйкес, зардап шеккен бірінші бала 10-желтоқсан күні 17 сағатта қалалық жұқпалы аурулар ауруханасына түскен. Ал қалғандары 11-желтоқсанға қараған түні бойы бір-бірлеп ауруханаға жеткізілсе керек. Балалардың жағдайы "ауыр" және "орташа ауыр" деп бағалануда.

Қалалық тазалық-індет станциясы басқармасының шешімімен Ақсай-4 ықшамауданында орналасқан балабақша жабылды. Бұл жерде тазалық-індет станциясы, қалалық төтенше жағдайлар жөніндегі мемлекеттік басқармасы мен полиция топтары жұмыс істеуде. Балабақшадағы азық-түлік тауарлары тәркіленіп, зертханаға тексеруге жіберілді.