Алматыдағы балалар ауруханасынан өрт шықты

Бұл туралы қалалық төтенше жағдайлар департаменті хабарлады.

ТЖД ресми өкілінің хабарлауынша, 29 қараша күні Әуезов ауданы, Алтынсарин көшесінде орналасқан №2 қалалық балалар клиникалық ауруханасынан өрт шыққаны туралы хабар кешкі 20.02-де келіп түседі.


Техникалық қабатта жанған қоқыс өрттің басталуына себеп болған. Қабатты түтін басып кеткеннен кейін медициналық қызметкерлер науқастарды төменгі қабатқа көшірген. Жалпы 26 адам эвакуацияланса, олардың 26-сы балалар.