Алматыдағы балалар үйінде болған өрттен тәрбиеші мен төрт бала зардап шекті

Бұл туралы Caravan.kz тілшісі қалалық ТЖД ақпаратына сүйеніп хабарлады.

"Өрт сөндірушілер жеткенде жағдай былай болған: екінші қабаттағы бөлме отқа оранып, ол үшінші қабат пен шатырға өтіп кететіндей боп тұрған. 161 бала мен 12 қызметкер қауіпсіз жерге көшірілді. Төрт балаға медициналық көмек қажет болды. Қызыл жалын 23:46-да ауыздықталып, 23:59-да толық жойылды. Өрт 180 шаршы метрді шарпыды" дейді ТЖД ресми өкілі Сандуғаш Баймұхамбетова.

Артынан белгілі болғанындай, өрттен тағы бір адам зардап шегіпті. Ол тәрбиеші екен.