Сондай-ақ, солтүстік айналма жолдың да жарты құрылысы ақталуы тиіс екен. Бірақ мына көрініске қарағанда жұмыстың жуық арада біте қоюы екіталай екені аңғарылады. Күзде саудасы қызады деген «Олжа» базарының әлі орны да өзгеріссіз тұр. Десе де, Алматы әкімдігінің жоспары керемет. Мәселен, жыл соңына дейін 3 базар заманауи кейіпке еніп, қайта жұмысына кіріседі деп күтілуде. Ал 2016 жылдың соңында қиратылған 16 базардың орны түгел қалыпқа келеді. Естеріңізге салсақ, әйгілі Барахолканы сүру шарасы былтыр күзде басталған еді. Бірақ қоныс аударуға саудагерлер қарсылық білдірді. Одан кейін мұнда бірнеше мәрте өрт шықты. Қазір онда қызыл жолаққа енбеген бірлі-жарым базар ғана жұмысын жалғастырып тұр.
Жанат Айтілеу, Алматы қалалық Сәулет және қала құрылысы басқармасы басшысының орынбасары:
- 16 базарды сүріп тастады. Орындары қазір тазартылып, өздеріңіз көріп жатқандай мына солтүстік айналмалы жолының құрылысы салынып жатыр. Бұл жолдың кеңдігі 8 жолақ болады. Сосын екі қосалқы жолы болды базарлаға қызмет көрсететін.