Алматыдағы барахолкада тағы да өрт болды. ТЖМ базардағы өрттің толық сөндірілгенін хабарлады

Өрт шыққаны туралы хабар сағат 12:00 түскен. Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің бөлімшелері оқиға орнына келген кезде "Кенжехан-2" киім-кешек базарының аумағындағы контейнерлік үлгідегі қоймадан өрт шыққаны анықталды.

Төтенше жағдайларды жедел жою жұмыстарына Төтенше жағдайлар министрлігінің Алматы қаласы бойынша бөлімшелерінің жеке құрамы мен техникасы жұмылдырылған.

  • Төтенше жағдайлар министрлігі өрттің сөндірілгенін хабарлады.

“Сағат 12:52-де өрт сөндірушілердің жедел әрекетінің арқасында өрт ауыздықталды. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ. Сөндіру жұмыстары жалғасуда”, – делінген хабарламада.