Алматыдағы базарда сауда бутиктері өртенді

Төтенше жағдайлар министрлігі мәліметінше, "Береке" сауда базары аумағында халық тұтынатын тауарлар сататын екі сауда бутигінде өрт шыққан.

"Өрт сағат 6:15-те оқшауланып, сағат 6:18-де сөндірілді. Өрт аумағы 50 шаршы метр болады. Зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр", - деп хабарлады ТЖД.