Алматыдағы бір дәмханада тамақтану салдарынан сальмонеллезбен ауырғандардың саны 35 адамға жетті - ТЖМ

ТЖМ ақпаратына сәйкес, Алматыдағы "Чикин-Хауз" дәмханасында тамақ жегендерден ақпанның 24 мен 27 аралығында сальмонеллезбен ауырғандардың саны 35 адамға жетті, соның ішінде 25 адам қалалық жұқпалы аурулар ауруханасына жатқызылып, 10 адам амбулаториялық жолмен ем қабылдауда.

"Барлық ауырғандар тауық етінен жасалған тағам мен жаңа көкөністен майонезбен тұздықталған салат жегені анықталды", - деп хабарлайды министрлік.