“Әл-Фараби даңғылында орналасқан 97-үйдің 3-ші подьезі, 8-қабатында, 66-шы пәтердің жанынан қасақана құрылып қойылған жауынгерлік РГД-5 гранатасы табылды”,- деді М.Жұматаев. Белгісіз біреулер гранатаны тоқсауыттың ішіне орнатып, жарылғыш затты іске қосатын жіпті саты алаңына кіретін есікке байлап кеткен. “Есік ашылған кезде жіп тежегіш чеканы жұлады да, жарылыс болады деген принцип көзделген сыңайлы”,- деді М.Жұматаев. Оның айтуынша, құрылған жарылғыш затты 66-шы пәтердің тұрғыны тауып алып, тәртіп сақшыларына хабарлаған.
Гранатаны Алматы қалалық ІІД-нің “Арлан” арнаулы тобының саперлері залалсыздандырды. Қазір Бостандық аудандық ІІБ осы дерекке қатысты тексерулер жүргізуде.