Депутаттың хабарлауынша, бүгін сондай-ақ, Алматыда М.Тінікеевтің Б.Әбілов, "31-арна телерадиокомпаниясы" ЖШС мен "Навигатор" газетінің қожайынына қарсы ар-ұждан мен іскерлік беделді қорғау және Б.Әбіловтың жалған жаласы салдарынан шеккен моральдық шығынды өтеп беру туралы азаматтық іс те қарала бастады. Азаматтық іс бойынша әрбір басылымға қатысты шағым мөлшері 1 млн. долларды құрайды.
"31-арна мен "Навигатор" газеті жұртшылық алдында кешірім сұраса, өз басым шағымды кері қайтарып алуға дайынмын",- деді М.Тінікеев.
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, "Ақжол" партиясының тең төрағасы 7 және 16-мамырда республикалық тәуелсіз телеарнаның эфирінде М.Тінікеевті парламенттегі орынды иемдену үшін 100 мың доллар пара берді деп айыптаған. Бұған жауап ретінде мәжіліс депутаты Б.Әбіловтан таққан айыбына бір айда дәлел келтіруді және жұртшылық алдында кешірім сұрауды талап еткен. Олай болмаған күнде сотқа шағым түсіретінін айтқан мәжіліс депутаты бір айдан кейін уәдесін орындап, жалған жала жапқаны үшін Б.Әбіловты сотқа берді. Сондай-ақ, ол өзінің беделін түсіріп, ар-ұжданына нұқсан келтіргені үшін шағым түсірді. Шағым құны 10 млн. долларды құрайды.