Алматыдағы бизнес-конференция аясында Қазақстан президенті маңызды мәлімдеме жасамақ - Р.Холбрук

Р.Холбрук бірақ Елбасының дәл қандай мәлімдеме жасайтынын нақтылаған жоқ. Азия қоғамы төрағасының мәлімдеуінше, "конференцияның мақсаты - халықаралық іскерлік қоғамдастыққа өз экономикасын дамыту үшін Қазақстан тарапынан таяу болашақта қандай қадамдар жасалғалы жатқанын паш ету болып табылады".

"Қазақстан - аймақтағы ең жоғары дамыған көшбасшы ел болғандықтан, оның экономикалық, саяси және әлеуметтік перспективалары жалпы осы өңір үшін және дүниежүзі үшін айрықша маңызға ие",- деді ол.
"Ертең конференция өз жұмысын үлкен қарқынмен жалғастырады. Ол аса қызғылықты және жемісті бас қосу болады",- деді Р.Холбрук. Форумға түрлі елдерден келген 600-ден астам өкілдер қатысуда.