Алматыдағы дәмханада өрт шығып 30 адам эвакуацияланды

«Сағат 04.12-те Алматы қалалық ТЖД «101» қызметінің пультіне Алатау ауданы Емцова көшесіндегі «Лейла» дәмханасында өрт шыққаны жөнінде қоңырау соғылған. Сол жерге өрт сөндірушілер 5 минуттан соң келіп жеткен. Дәмхананың бірінші және және екінші қабатының арасындағы төбе жабындысы отқа оранған. Өрт сөндірушілер жалынның дәмханадан екі метр жерде тұрған бір қабатты ағаш ғимаратқа таралып кетуіне жол бермеді. Өрт сағат 04.40-та оқшауланып, сағат 04.46-да толық өшірілді. Жалын 120 шаршы метр аумаққа зардап келтірген. Сол жерден 30 адам эвакуацияланды», - делінген хабарламада.

Оқиғадан ешкім зардап шекпеді.