Алматыдағы дүкеннің иесі бір орама ірімшік ұрлаған ұрыны қатты соққыға жығу салдарын ол қайтыс болды

Таңға жуық "Тастақ-2" ықшамауданындағы өз пәтерінде 31 жастағы жігіттің мәйіті табылды. Сот-медициналық сараптама қорытындысы жігіттің ауыр соққыдан ішкі органдардың жарылып кеткендігін дәлелдеп отыр.

Алматы қалалық ІІД қылмыстық полиция басқармасының жеке тұлғаға қарсы қылмыстарды ашу жөніндегі бөлім қызметкерлері куәгерлерді тексере келе, өлімнің қалай болғандығын анықтады. Бөлімше бастығы Станислав Ридныйдың сөзіне сүйенсек жәбірленушінің өліміне оның кішкентей ұрлығы себеп болған. "Ол жақын маңдағы дүкеннен бір орама ірімшікті ұрлау кезінде көзге түсіп қалған. Заттың жоғалғанын байқаған дүкен қожайыны ұрыны қуып жетіп, ауыр соққыға жыққан. Жәбірленуші өз пәтеріне әрең жетіп, алған соққыдан қайтыс болған", - деді полковник.

Қамауға алынған дүкен иесі өз ісін мойындап отыр. Ол оперативтік қызметкерлерге жаңжалдың аяғы осындай ауыр қайғыға әкеп соқтыратындығын білмегендігін айтуда.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті