Алматыдағы екі монополист-кәсіпорын жылу мен электр қуатының бағасын қымбаттатуға өтініш берді

АПК ЖАҚ "электр және жылу энергиясын жалғастыру және тарату" деп аталатын қызмет түрі бойынша бағаны қымбаттату туралы жобаны ұсынды. Жобаға сәйкес электр энергиясын жалғастыру және тарату құны қазіргі әрбір килоВатт сағатына 3,79 теңгеден 5,67 теңгеге дейін, ал жылу энергиясын тарату құны қазіргі әрбір Гегакалориясына 1687,1 теңгеден 2715,4 теңгеге дейін қымбаттатылуы тиіс.

"Солтүстік-шығыс энергетикалық кешені" ҚКК жылу энергиясын жылғастыру және тарату қызметінің бағасын қымбаттату туралы жобада жылу энергиясының құнын әрбір Гегакалориясы үшін қазіргі 2310 теңгеден қосымша құн салығын есептемегенде 3189,3 теңгеге дейін көтеруді ұсыныпты. Баға өсімі 38 процентті құрайды.
Екі кәсіпорын да бағаны қымбаттауға түрткі болған себептер ретінде газ бен көмір бағасының қымбаттауын, жалақы қорының ұлғаюын, сондай-ақ, амортизациялық шығындардың өсуін алға тартқан.
"Алматы газ желілері" ЖАҚ "табиғи газды таратушы және магистральдық құбыр желілері арқылы тасымалдау" қызметі бойынша тарифтік смета жобасын ұсынған. Онда негізгі қордың қайтадан бағалануына байланысты амортизациялық шығындар мен салық төлемдеріне жұмсалатын шығынды арттыру туралы ұсынылған. Жалпы алғанда, газ тасымалдау құны бұрынғыдай әрбір 1000 текше метрі үшін 2109 теңге қалпында қалды.
Сондай-ақ, кіреберіс жолдарды сатып алған "Облжеміс-жидекөндірісі" АК ААҚ мен "Құрылыс материалы" ААҚ кіреберіс жолдармен қызмет көрсету құны туралы жобаны қарауға тапсырды. "Облжеміс-жидекөндірісі" АК ААҚ-ның жобасына сәйкес қызмет төлемі қосымша құн салығын есептемегенде 1 вагон үшін 14 мың теңгені, ал "Құрылыс материалы" ААҚ-ның жобасына сәйкес - 3 мың теңгені құрауы тиіс.
Аталмыш жобалар бойынша ҚР табиғи монполияларды реттеу және бәсекелестікті қолдау Агенттігі мен оның Алматы қалалық департаментінің ақырғы шешімі 2003-жылдың 15-қыркүйегіне дейін қабылданады.