"Алматыдағы Богоявленский ( Садовников көшесі, 196 үй) және Скорбященский
(Брусиловский көшесі, 134 үй) православиелік шіркеулерінің аумағын бұзылуға тиіс ғимараттар аймағынан шығару жөнінде түпкілікті шешім қабылданды",- делінген епархия хатшысы, діндар Андрей Литовканың агенттік директорының атына жолдаған хатында.
Орыс православиелік шіркеуі агенттік басшылығы мен қызметкерлеріне ақпараттық қолдау көрсеткені үшін ризашылық білдірді. "Сізге және Kazakhstan Today агенттігі ұжымына Қазақстандағы орыс православиелік шіркеуі үшін аса маңызды осынау мәселе бойынша Астана және Алматы епархиясына ақпараттық қолдау көрсеткендеріңіз үшін шын жүректен ризашылығымызды білдіреміз",- делінген хатта. А.Литовка агенттік ұжымына "жан және тән қуатының бекемдігін, шығармашылық табыстар мен Жаратушының жомарттықпен көрсететін жәрдеміне ие болуды" тіледі.
Осы орайда естеріңізге сала кетсек, Kazakhstan Today агенттігі осынау екі шіркеудің бұзылуға тиісті ғимараттар санатына кіргені жайлы бірінші болып хабарлаған. Бұзу туралы шешім түпкілікті болмағанымен, соған қарамастан, "Алматыжер" ҚКК-ның епархия атына жолдаған хатында "қала құрылысы жөніндегі кеңесте бекітілген тұжырымдамаға сәйкес", атап айтсақ, Богоявленский шіркеуі орналасқан аумақ "көңіл көтеретін демалыс аймағы ретінде пайдаланалытындығы" айтылған болатын.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті