Жалпы әлем бойынша анаконда мен торлы питон жыландардың ішінде алыбы болып саналады. 2003 жылы жұмыртқадан шыққан 10 метрлік Сандра лақап атына ие жылан 15 жыл ішінде айтарлықтай өскен. Негізі торлы жыландар өмір бойы ұзарып өсіп тұрады.
«Бүгін біз оны өлшедік. Ол 2018 жылғы 1 мамырдағы өлшеу нәтижесіне сәйкес 5 м 10 см құрады. Жыланның орташа салмағы 80 кг. Оның мінезі шатақ, ең дұрысы оған артық тисуге болмайды. Биыл торлы жыланға 15 жыл толады», - дейді Алматы зоопаркі.
Зоопарк мамандары мұндай ұзындықтағы жыландарды өлшеу қиын әрі қауіпті екендігін алға тартып отыр.
Сенімді ақпарат көздеріне қарағанда, әлемдегі ең ұзын торлы жылан 7,5 метрді құрайды.