Алматыдағы фармакологиялық компанияның қоймасынан Биттнер бальзамының 50 мың бөтелкесі тәркіленді

Фирма қоймаларынан жалпы құны 23 636 096 теңгеге бағаланған 51 008 бөтелке бальзам табылды.

Әшкереленген әкімшілік құқық бұзушылық дерегіне сәйкес "Интерфарма-К" ААҚ-на 137 850 теңгенің айыппұлы салынып, табылған акциздік маркасыз бальзамдар партиясын мемлекеттік кіріс есебінен тәркілеп алынды.