Күн райының болжамына сәйкес, Алматыда ауыспалы бұлтты, жаңбыр жаумайды. Желдің жылдамдығы секундына 0 - 5 метр. Ауаның температурасы түнде - +17 - +19 0С, күндіз - +23 - +25 0С.
"Қазселденқорғау" МБ ақпаратына сәйкес, сел және көшкін ахуалы тыныш. Есентай және Кіші Алматы өзендеріндегі су шығыны (теңіз деңгейінен 1270 метр биіктікте) - секундына 2,12 текше метрге тең (кіші Алматы өзеніндегі қауіпті деңгей - секундына 12 текше метр, Есентай өзенінде - секундына 19 текше метр), Үлкен Алматы өзенінде (теңіз деңгейінен 1350 метр биіктікте) -секуындына 1,15 текше метр (қауіпті деңгей - секундына 19 текше метр).
Орталық сейсмикалық станция мен "Прогноз" ҒӨК мәліметінше, сейсмикалық ахуал да тыныш.
15 маусымдағы радиациялық ахуал : гамма-сәулесі дозасының қуаты сағатына 0,22 микроЗивертті (доза қуаты халық үшін сағатына 0,30 микроЗиверттен аспауға тиіс). Радиоактивтік сипаттағы оқыс оқиғалар тіркелген жоқ.