Алматыдағы гидрометеорологиялық және сейсмикалық ахуалға 18 маусымға қысқа мерзімді болжам

Күн райының болжамына сәйкес, Алматыда ауыспалы бұлтты, өткінші жаңбыр жауады. Желдің жылдамдығы секундына 2 - 7 метр. Ауаның температурасы түнде - +19 - +21 0С, күндіз - +29 - +31 0С.

"Қазселденқорғау" МБ ақпаратына сәйкес, сел және көшкін ахуалы тыныш. Есентай және Кіші Алматы өзендеріндегі су шығыны (теңіз деңгейінен 1270 метр биіктікте) - секундына 2,12 текше метрге тең (кіші Алматы өзеніндегі қауіпті деңгей - секундына 12 текше метр, Есентай өзенінде - секундына 19 текше метр), Үлкен Алматы өзенінде (теңіз деңгейінен 1350 метр биіктікте) -секуындына 1,15 текше метр (қауіпті деңгей - секундына 19 текше метр).

Орталық сейсмикалық станция мен "Прогноз" ҒӨК мәліметінше, сейсмикалық ахуал да тыныш.