Алматыдағы гидрометеорологиялық және сейсмикалық ахуалға 2 шілдеге қысқа мерзімді болжам

Күн райының болжамына сәйкес, Алматыда көшпелі бұлтты, жаңбыр жаумайды. Желдің жылдамдығы секундына 0 - 5 метр. Ауаның температурасы күндіз - +29 - +31 0С.

"Қазселденқорғау" МБ ақпаратына сәйкес, сел және көшкін ахуалы тыныш. Есентай және Кіші Алматы өзендеріндегі су шығыны (теңіз деңгейінен 1270 метр биіктікте) - секундына 2,44 текше метрге тең (кіші Алматы өзеніндегі қауіпті деңгей - секундына 12 текше метр, Есентай өзенінде - секундына 19 текше метр), Үлкен Алматы өзенінде (теңіз деңгейінен 1350 метр биіктікте) -секуындына 1,20 текше метр (қауіпті деңгей - секундына 19 текше метр).

Орталық сейсмикалық станция мен "Прогноз" ҒӨК мәліметінше, сейсмикалық ахуал да тыныш.