Алматыдағы гидрометеорологиялық және сейсмикалық ахуалға 23 маусымға қысқа мерзімді болжам

Құтқару қызметінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, 19 маусымда ауаның ластануының төменгі деңгейі тіркелді Р=0,18 (Р=0,20 - төмен; Р=0,21-0,35 - жоғары; Р>0,35 - өте жоғары). Атмосферадағы СО газының орташа тәуліктік концентрациясы 19 маусымда 2,2 мг/м3 тең болды, бұл нормадан жоғары; (атмосферадағы СО -ның шектеулі концентрациясы 3,0 мг/ м3 дейін) болды.

Алматыдағы гидрометеорологиялық және сейсмикалық ахуалға 23 маусымға қысқа мерзімді болжам

Алматы. 23 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Алматы мен Алматы облысындағы 23 маусымға қысқа мерзімді болжамға сәйкес, гидрометеорологиялық және сейсмикалық ахуал норма деңгейінде сақталады, деп хабарлайды агенттік тілшісі "Алматы қалалық құтқару қызметі" ҚКК ақпаратына сілтеме жасап.

Күн райының болжамына сәйкес, Алматыда көшпелі бұлтты, жаңбыр жаумайды. Желдің жылдамдығы секундына 0 - 5 метр. Ауаның температурасы түнде - +18 - +20 0С, күндіз - +28 - +30 0С.

"Қазселденқорғау" МБ ақпаратына сәйкес, сел және көшкін ахуалы тыныш. Есентай және Кіші Алматы өзендеріндегі су шығыны (теңіз деңгейінен 1270 метр биіктікте) - секундына 2,44 текше метрге тең (кіші Алматы өзеніндегі қауіпті деңгей - секундына 12 текше метр, Есентай өзенінде - секундына 19 текше метр), Үлкен Алматы өзенінде (теңіз деңгейінен 1350 метр биіктікте) -секуындына 1,20 текше метр (қауіпті деңгей - секундына 19 текше метр).

Орталық сейсмикалық станция мен "Прогноз" ҒӨК мәліметінше, сейсмикалық ахуал да тыныш.