Күн райының болжамына сәйкес, Алматыда көшпелі бұлтты, өткінші жаңбыр жауады, күн күркірейді. Желдің жылдамдығы секундына 0 - 5 метр, найзағай кезінде 8-10 метр. Ауаның температурасы түнде - +22 - +24 0С, күндіз - +31 - +33 0С.
"Қазселденқорғау" МБ ақпаратына сәйкес, сел және көшкін ахуалы тыныш. Есентай және Кіші Алматы өзендеріндегі су шығыны (теңіз деңгейінен 1270 метр биіктікте) - секундына 2,44 текше метрге тең (кіші Алматы өзеніндегі қауіпті деңгей - секундына 12 текше метр, Есентай өзенінде - секундына 19 текше метр), Үлкен Алматы өзенінде (теңіз деңгейінен 1350 метр биіктікте) -секуындына 1,20 текше метр (қауіпті деңгей - секундына 19 текше метр).
Орталық сейсмикалық станция мен "Прогноз" ҒӨК мәліметінше, сейсмикалық ахуал да тыныш.