Алматыдағы хауанаттар бағы бірнеше жануарлармен толықты


Ұрғашы зебра өткен айдың соңында туыпты. Қазір төлі жанында шапқылап жүр. Тұяқтылар санатына жататын жануардың бұл түрі 3-4 айға дейін енесінің сүтімен қоректенеді. Ал, Мәскеу циркінен әкелінген пумалар келушілердің көзайымына айналып үлгерген. Бір жасар Шиба мен Томас жергілікті ауа-райына бейімделуде. Бұдан өзге, Калининград хайуанаттар бағынан оңтүстік америкалық салпыерін жеткізіліпті. Зообақ қызметкерлері ортаға бейімделе қоймаған аңды біршама уақыт өткеннен кейін ғана келушілердің назарына ұсынбақ. Сондай-ақ алдағы уақытта зообаққа ягуар әкелінеді деп күтілуде.