Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап хабарлайды.
«Мен сіз үшін жұмысқа шықтым. Сіз мен және өзіңіз үшін қызметті үйден онлайн алыңыз!».
Әлеуметтік желіде ХҚКО қызметкерлерінің суреті жарияланды.
Олар алматылық дәрігерлердің челленджін қолдап, қала тұрғындарын үйден шықпай мемлекеттік қызметті онлайн алуға кеңес берді. Сонымен қатар, адам көп шоғырланған жерлерге бармауға шақырды.