Алматыдағы Көк-Төбе телемұнарасы жанынан қару-жарақтар табылды

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Жасырынған қару-жарақтар "Заң және тәртіп" операциясы аясында табылды. Арнайы үйретілген ит телемұнара жанындағы ағаштардың арасынан екі тегіс ұңғылы мылтық тапты. 

Қарудың қайдан шыққаны мен иесін анықтау үшін сот-баллистикалық сараптамаға жіберілді.

"Қару-жарақ жаппай тәртіпсіздіктер кезінде ұрланып, қылмыстық мақсатта пайдаланылған болуы мүмкін", - дейді Медеу аудандық ішкі істер бөлімінің бастығы Дәурен Өтебаев.


Заңсыз қаруы бар азаматтарға оларды өз еркімен тапсыруға рұқсат етіледі, егер осыдан кейін қылмысқа қатысы анықталмаса, ол азамат жазаға тартылмайды.