Баспасөз қызметінің ақпараттарына сүйенсек, 22-қарашада 18сағат 08 минутта Түркісіб ауданында төрт жеңіл көлік соғылған.
"Көлік апатының салдарынан үш адам қала және облыс ауруханаларына жеткізілді",- деп нақтылап өтті баспасөз қызметіндегілер.
Көліктердің біріндегі жолаушы әйел жедел медициналық көмек бригадасы келгенге дейін алған жарақаттары салдарынан көз жұмды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті