Алматыдағы көпірде бір уақытта бірнеше жол апаты болды

Алматыдағы көпірлердің бірінде шамамен бір уақытта бірнеше жол апаты болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz СТВ телернасындағы "Территория происшествий" бағдарламасына сілтеме жасап.

BMW маркалы автокөлік Сүйінбай даңғылымен оң бағытта Шолохов көшесіне жетпей, көпірдегі темір қоршауды соғып өткен. Содан көлік ұшып кетіп, жолдың қақ ортасына келіп түскен.

Сол уақытта Volkswagen Polo көлігі осы көпір бойымен оң бағытта келе жатып, BMW көлігімен соғысады. Кейін куәгерлердің көзінше жоғарып жылдамдықпен келе жатқан Mercedes-Benz көлігі келіп BMW көлігін соғып кетеді. Алдын ала мәлімет бойынша, жол апаты жолдағы көктайғақ мұздың кесірінен болған.

Айта кетейік, жол апатынан BMW жүргізушісі зардап шекті, олауруханаға жеткізілді.