Алматыдағы көшелердің бірінде бойжеткен жартылай жалаңаш серуендеді

Желіде Алматыдағы көшелердің бірінде жартылай жалаңаш серуендеп жүрген қыз түсірілген видео пайда болды, - деп хабарлайдыTengrinews.kz тілшісі.

"Заман қайда барады?", - деп жазды видеоны жүктеген қолданушы Facebook желісіндегі парақшасында. Оған жазбаны куәгерлер WhatsApp мессенджері арқылы жіберген екен.

Видеодан бір қыздың ешкімге назар аудармай, Наурызбай көшесінің бойымен жүріп бара жатқаны көрінеді. Ал роликтің авторы қыздың бұл әрекетін көлікте отырып, ұялы телефонына түсіріп алған.