Алматыдағы көз аурулары институтында өрт шықты

Министрлік ақпаратына сәйкес, өрт 1-наурызда 3-қабаттағы вентиляциялық шахтада шығып, ғимараттың сыртына қарай ойысқан. Жалын 5 шаршы метрді шарпыды. Зардап шеккендер мен құрбан болғандар жоқ.

Өртті ауыздықтауға ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігі мемлекеттік өртке қарсы күрес қызметінің 70 адамы мен 18 техникасы жұмылдырылды.