Алматыдағы лаңкестік шабуылға қатысты тергеу аяқталды


Руслан Күлекбаев лаңкестік әрекет жасап, кісі өлтіргені үшін айыпталып отыр. Сонымен қатар заңсыз қару иелену мен кәсіпкерге қарақшылық жасағаны үшін оның сыбайласы ретінде тағы 5 күдіктінің ісі сотқа берілді. Айта кетейік, Руслан Күлекбаев террорлық әрекет жасап, 8 тәртіп сақшысы мен 2 арнайы қызмет және 3 бейбіт тұрғынның өмірін қиған.