Айта кетсек, аталмыш клиника бұған дейін тек мемлекеттік қызметтегі шенділер мен лауазымды тұлғаларға ғана ем көрсетумен айналып келген. Бірақ соңғы екі жылдан бері жалпы жұрттың барлығын қабылдауда. Квотамен келгендеріне тіптен тегін. Мәселен, мына операция үстелінде жатқан кісі саяси тұлға, немесе жоғары элитаның өкілі емес. Бар болғаны, мемлекеттік жеңілдікке ие науқастың бірі. Оған отаны орталықтың ең білікті деген хрургтары жасады. Орталық жоспары бойынша, жыл соңына дейін бюджеттен бөлінген 250 миллион теңге игеріп, әлі біраз адамға тегін көмек көрсетпек.
Серік Меңдықұлов, кардиохирург:
- Соңғы екі жылдың ішінде емделе келген науқастардың 90 пайызы арнайы квота алғандар. Мұнда жүрек қантамыры ауруының барлық түріне ота жасалады. Мамандарымыз барлығы да оған дайын.