Шараға Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ даму жөніндегі басқарушы директоры Ілияс Ахмет, режиссер Ермек Тұрсынов және актер Ерболат Тоғызақов қатысады.
Еске сала кетейік, «Шал» картинасы «Жылдың үздік фильмі атанған болса, осы фильмде басты рөлді сомдаған актер Ермек Тоғызақов «Жылдың үздік актері» аталымында бас жүлде - «Алтын адам» сыйлығымен марапатталған болатын. «Шал» фильмі 2012 жылдың 11 қазанында прокатқа шығып, көрермендердің ыстық ықыласына ие болды.