Алматыдағы метроның бірінші тармағын 2007-жылдың аяғы - 2008-жылдың басында аяқтау қажет - Елбасы



"Ел экономикасы өркентеп, мүмкіндік туындауға байланысты мен алдағы үш жылда 8,5 шақырымды құрайтын метроның бірінші жілісін аяқтау жөнінде міндет қойдым. Онда 7 бекет жұмыс істейтін болады. Мен жұмыстар барысымен таныстым. Техника жеткілікті, мамандар дайын",- деді мемлекет басшысы.
Н.Назарбаевтың хабарлауынша, "метро құрылысын салу үшін биыл 5,5 млрд. теңге, ал жалпы алғанда 30 млрд. теңге игеріледі". "Қалған 70 млрд. теңге алдағы үш жылда бөлінеді",- деді президент.
Қазақстан Республикасын әлеуметтік-экономикалық дамыту жөніндегі орта мерзімді бағдарламаға сәйкес, республикалық бюджеттен метро құрылысын салуға 2006 және 2007-жылдарда 18 млрд. теңгеден, ал 2008-жылы 36 млрд. теңге бөлінеді.
"Қаланы дамыту үшін ауа бассейнін тазарту керек. Ол үшін біз елімізге де, Алматы үшін де айрықша маңызды әрі еліміз аумағындағы жалғыз метрополитенді аяқтап шығуымыз қажет",- деді Н.Назарбаев.
"Демек, Алматылықтар метролы болатыны даусыз", деп атап өткен Елбасы "алдағы уақытта қала экологиясы мен қозғалысты жақсарту үшін жер үсті арқылы электр қуатымен жүретін транспорттық бағыттарды арттыра түсетін боламыз", деді.
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, Алматыдағы метро құрылысының жалпы құны 101 млрд. теңгені құрайды. Бүгінде "Алматыметроқұрылысы" компаниясында 1349 адам жұмыс істейді.

i>Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті