"Тұрғын үй департаменті бағалау жүргізетін компания ұсынады, ол сіздердің әрқайсыларыңызбен жеке жұмыс істейтін болады. Осыдан кейін сіздер жеке есепшот ашып, тұрғын үй департаментімен келісім-шарт жасайсыздар, олар бюджеттен сіздердің есепшоттарыңызға ақша аударады. Мен бұл процесстің қанша уақытқа созылатынын білмеймін. Мұны жақын уақытта жүзеге асыруға тырысамыз. Нақты өтемақы Жаңа жылға қарай, немесе Жаңа жылдан кейін, қаңтардың 10 - 15-ші жұлдыздарында төленуі мүмкін",- деді А. Сманқұлов.
"Бүгінгі күнде өтемақының нақты көлемін ешкім де дөп басып айта алмайды. Бағалау жүргізу керек. Бұл бюджет қаржысы, ақша халықтікі. Сондықтан да мен әрбір тиынға есеп беруге тиіспін. Біз ең алдымен бюджетке ақша салуға тиіспіз",- деп хабарлады А. Сманқұлов.
Оның айтуынша, өртенген пәтерлерді бағалау нарық бағасы бойынша жүргізіледі. "Бағалау комиссиясы өз жұмысын бастап кетті. Бағалау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Әрине, ең біріншіден, осы аудандағы қазіргі уақыттағы нарық бағасы ескерілетін болады. Және де ешқандай төмендету көрсеткішін қолданбаймыз",- деді А. Сманқұлов.
Әкім орынбасарының хабарлауынша, бағалау жүргізілгеннен кейін зардап шегушілер үшін құрылыс салушы компания анықталады. Бірақ, әкімнің орынбасары үйдің қайда салынатындығы туралы хабарламады. Бұрын өртенген үйдің иелері өздерінің үйлерінің бұзылатындығы туралы хабарландыру алған болатын, себебі онда автовокзал салынады.
Әкімнің орынбасары сондай-ақ, көшеде қалып, осы уақытқа дейін өртенген үйдің орнында шатыр тігіп өмір сүріп жатқан адамдарға жылыту маусымы аяқталғанға дейін, 15-сәуірге дейін пәтер жалдау үшін ақша төленетіндігін хабарлады. Жалға алынған пәтерлерге, А. Сманқұловтың айтуынша, қалалық әкімшіліктің көлік департаментінен ай сайын 200 - 300 АҚШ доллары көлемінде төленетін болады.
"Бүгінгі күннен бастап қаланың Түркісіб ауданының әкімшілігінде осы айтылған барлық мәселелермен айналысатын штаб құрылады. Сіздер бірінші қажеттіліктегі заттар сатып алу үшін көмек көрсетеміз. Қолдаушылардың қаржысы есебінен 88 адамның әрқайсысына 20 мың теңгеден беріледі",- деп хабарлады қала әкімінің орынбасары.
Бүгін таңертең 28-қыркүйекте өртеніп кеткен үйдің тұрғындары акция ұйымдастырып, Алматы әкімшілігінің алдындағы алаңға шыққан болатын.
Бұрын хабарлағанымыздай, қарашаның басында үйлері өртенген тұрғындардың өкілдері билік өкілдеріне жүгіну үшін Астанаға барған болатын. "Біз Қазақстан Республикасының президентіне, премьер-министрге, Бас прокуратураға, парламент мәжілісіне жүгіндік",- деді өртенген үйдің тұрғыны Наталья Родина.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті