Бүгінгі таңда Алматыдағы жылжымайтын мүлік саласындағы сарапшылар: "Егер жылжымайтын мүлік сатқыңыз келсе, оны тезірек іске асырыңыз. Күн өткен сайын ол арзандай береді. Егер, үй сатып алғыңыз келсе, сатып алыңыз. Ол арзандап кетті", - деген ұсыныстар айтуда, деп хабарлайды телеарна.
КТК ақпаратына сүйенсек, бүгін Алматының орталығындағы пәтердің бір шаршы метрі шамамен 2 мың АҚШ доллары тұрады. Бәрінен де шағын аудандардағы панель үйлердегі пәтерлер біршама арзандаған. "Қазақстанның тұрғын үй нарығының бас бағалаушысының айтуынша, қазіргі болып жатқанның бәрі қалыпты құбылыс болып табылады. Нарық сауығуда, баға лайықты бола түсуде", - деп хабарлайды телеарна.
Мамандар мынадай кеңес береді: егер пәтеріңіз сатуға болса, одан тезірек құтылғаныңыз абзал. "Мәселенің барлығы сатып алушылардың сатып алмай, ал сатушылардың сатпай отырғандығында болып тұр. Қазірдің өзінде нарық сұранысының қарапайым тоюы жүріп жатыр. Жағдай мынадай: он ұсынысқа бір сұраныс. Адамдар үйлерді сатып алмауда. Бірақ, менің ойымша, енді нарықты тірілтуді бастай беруге болады", - деп сарапшылардың бірі айтты, деп КТК телеарнасы хабарлап отыр.
Арнаның хабарлауынша, сарапшылардың болжамына сүйенсек, сонымен бірге, Қазақстанды жер телімдерінің нарығындағы дағдарысты бастан кешу күтіп тұр. Қазір құрылыс салуға сатып алынған жер телімдері қаржыландырудың жетіспеушілігінен игерілмей арзан бағамен сатуға қойылып жатыр. Мамандар біраздан соң бұдан да арзандайды деп айтуда, деп хабарлайды телеарна.