Алматыдағы Қазақ Ұлттық университетіндегі дауға Білім министрі араласты

Ал алаяқтықты әшкерелеген студенттерге қысым көрсетіліп жатқан көрінеді. Оқу орны болса, 200-дей түлекке диплом бермей, 120 миллион қарызсыңдар деп әлі қиғылық салуда. Сөйтсе, олардың төрт жыл бойы құйып келген қаржысын университеттің 3 бірдей бухгалтері жымқырыпты. Басшылық енді ақшаны жастардан өндіріп алмақ. Шағымданушылар, ректораттың тұмсығының астында болып жатқан қылмысты білмей келгеніне сенгісі жоқ. Дауға Білім министрі Сәрінжіповтің өзі араласып, қыз-жігіттердің дипломсыз қалмауын мықтап тапсырыпты.

Тахир Балықбаев, ҚР Білім және ғылым вице-министрі:

-Түсінігіміз бойынша, Қазақ ұлттық университеті басшылығы қылмысты анықтап құқық қорғау орагндарына айтқан. Екіншіден студенттердің мәселесін  шешуге бар жағдайды жасап жатыр. 

Loading...