Алматыдағы Қожабеков көшесінің тұрғындары қиын жағдайда

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.

Карантин басталғалы тұрғын үй аумағын жекеменшік құрылыс компаниясы иемденіп алған.

Балалар қоқыс жәшігінің жанында ойнауға мәжбүр. Компания тар аумаққа жаңадан ғимарат салмақшы. Тұрғындармен келісілмеген. Өрт қауіпсіздігі, тазалық нормасы, тұрғындардың қауіпсіздігі ескерілмеген. Ашынған адамдар Президентке шағымданамыз деп отыр.