Алматыдағы "Құқық және тәртіп" операциясы барысында 400-ден астам шетел азаматтары әкімшілік жауапкершілікке тартылды

"Қазақстан Республикасына келу тәртібін бұзғаны үшін 402 шетелді әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Олардың 142 алыс шет ел азаматтары, ал 260 ТМД өкілдері", - деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Сонымен қатар, осы іс-шара кезінде жол полициясы басқармасы мас жүргізушілерді анықтау бойынша кезекті рейд жүргізді. Тек осы тәулікте Алматы қаласында автокөлік тізгініне мас күйінде отырған алпыстай жүргізуші ұсталды.

Полицейлерің мәліметтеріне сүйенсек, барлығы үш күн ішінде қоғамдық орындарда 48 қылмыс жасалған. Олардың көбісі "ізін суымай" ашылды. "Жедел уәкілдер 17 есірткі сатушылардың әрекетіне құрық салып, ұрланған жеті көлік иесіне қайтарылды және де іздеуде жүрген 18 қылмыскер құрықталып, қамауға алынды", деп атап көрсетті баспасөз қызметі.

Бұрын хабарлағанымыздай "Құқық және тәртіп" жедел-алдын алу іс-шарасы қаладағы қоғамдық тәртіп пен жол қауіпсіздігін сақтауға, сондай-ақ қылмыстың дер кезінде алдын алуға бағытталған. Іс-шара жүргізу кезінде адамдар көп жиналған жерлер мен көшелерді күзету күшейтілген болатын. Патрульдік полиция полкінің полицейлер жасағына ҚР ІІМ ішкі әскерінің қызметкерлері де көмектесті.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті