Алматыдағы құрылыс нысанының аумағында бір адам қайтыс болып, тағы бір адам ауруханаға жатқызылды

Баспасөз қызметінің ақпаратына сүйенсек, "Айнабұлақ" ықшамауданында 9 наурыз күні күндізгі сағат 12.35-те "Ракурс Билдинг Компани" ЖШС тиесілі құрылыс нысаны аумағында бетон араластырғыш бөліктің металл құралдары сынған.

"Нәтижесінде жедел жәрдем қызметі келіп жеткенше оқиға орынында бір адам қаза тауып, тағы бір адам 4-ші қалалық клиникалық ауруханаға жеткізілді. Оның жағдайы орташа дәрежеде", - деп түсіндірді "Алматы қалалық құтқару қызметі".