"Шаңырақ" тұрғыны Мырзатай Палуановтың айтуынша, Әуезов ауданының әкімі оларды ауданнан өз бетімен көшіп кетуге шақырған. "Мен әкім ретінде сендердің балаларыңның тағдыры үшін жауап беремін, біз сендерді ата-ана құқықтарыңнан айырып, балаларыңды жетімдер үйіне тапсырамыз, үйлеріңді қоршай ор қазып, жете алмайтындай жағдай туғызамыз деді ол бізге",- деп мәлімдеді М.Палуанов. Оның айтуынша, үйлерге жіберілетін су мен жарықты қиып тастаған.
"Мүлікті заңдастыру жөніндегі комиссияда қазір Шаңырық тұрғындарынан 50 өтініш жатыр. Өтініштер кешікпей қаралуға тиіс. Біз аптаның аяғында комиссияның шешімі шығады деп күтеміз",- деді "Шаңыраққа тірек" қоғамдық комитетінің заңгері Денис Әлімбеков.
"Жергілікті билік тарапынан өкінішке орай мәселені бейбіт жолмен шешуге жасалған ешбір қадамды көре алмай отырмыз",- деді "Шаңыраққа тірек" қоғамдық комитетінің төрағасы Дос Көшім.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті