сарылдап ағып, жол қозғалысына қиындық туғызды.
«Алматы жылу» МКК ресми өкілінің айтуынша, аталған жылу магистралі қайта жаңғырту жұмыстарын жүргізу үшін жабылған. Алдын-ала анықтау бойынша, апат суды ағытатын бекіткіштің жұмысы бұзылғандықтан орын алған. Қазір құбырға келген су тоқтатылды. Оқиға орнында апаттық бригада жұмыс істеп жатыр. Жапа шеккендер жоқ.
«Диаметрі 600 мм болатын құбыр ескірген. Сондықтан, құбыр реконструкцияға жабылған болатын. Бірақ, суды бекіткіш арматураның жұмысынан ақау шығып, су жабық құбырға ауысып кеткен», - деді «Алматы жылу» МКК ресми өкілі Ян Гирин.
Оның айтуынша, жылу магистралі жылыту маусымына дейін жөнделіп,
пайдалануға беріледі.
Жалпы қалада жылу желілерінің 60 пайызы тозған. Олардың ауыстырылмағанына 25 жылдан асып кеткен. Қазір қалада тозған құбырларды заманауи жаңа құбырларға ауыстыру жұмыстары жасалып жатыр. Бүгінде 100 шақырымға дейін жылу магистралі ауыстырылды.
Сондай-ақ, мекеме өкілі жапа шеккен адамдар болса, заңды тәртіппен арызын жазып өтемақы ала алатынын жеткізді.