Алматыдағы сұмдық жол апатына тағы бір көліктің қатысы бары анықталды

Кеше түнде сағат 23:15-те жантүршігерлік жол апаты болып, 4 адам мерт болған еді. Кейін белгілі болғандай сұмдық жол апатына тағы бір көліктің қатысы бары анықталды. Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлады.

Алматы қалалық ІІД баспасөз хатшысы Салтанат Әзірбектің айтуынша, жол апаты кезінде БМВ көлігінің соққысынан ұшып түскен бір адамды LЕХUS көлігі басып кеткен. Әйтседе ол тоқтамастан оқиға орнынан қашып кетіпті.

Дегенмен, полиция қызметкерлері із суытқан LЕХUS көлігінің жүргізушісін көп ұзамай қолға түсірді.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, Алматыда жантүршігерлік жол апаты болып, ВMV маркалы көлік үш әйел мен бір ер адамды қағып өлтірді. Оқиға кеше түнгі сағат 11:15-да Рысқұлов даңғылының бойында болған.

Қара түсті BMV жаяу жүргіншілерді қатты жылдамдықпен келіп соғыпты. Алдын ала мәлімет бойынша, қаза тапқандар жолдың жаяулар жүруге болмайтын жерімен өтіп бара жатқан. Қазір марқұмдардың кім екені белгілі. Бірақ әзірге олардың аты-жөндері аталмай отыр. Ал BMV-ның қандай жылдамдықпен келе жатқаны және басқа да себептері анықталып жатыр.


ҚР ҚК 345 бабының 4-тармағы бойынша қылмыстық іс қозғалды.