"Қаржы "Қазына" ТДҚ арқылы республикалық бюджеттен бөлінеді. Өткен аптада Алматы әкімі Ахметжан Есімов Астанаға барып, бұл мәселенің шешілуін тездетті. Алдын-ала барлық келісімдер дайындалып, енді техникалық мәселе қалды. Келесі аптада жұмыстар басталады деп ойлаймын ", -деп хабарлады В. Долженков.
Алматының 14 құрылыс компаниясына қаржы берілетін болады. Бағдарламаға сондай-ақ 7 банк қатысады. 22,4 млрд теңге мөлшерінде бөлінетін бірінші транш 2640 үлескердің 5940 пәтер құрылысын аяқтауға мүмкіндік береді. В. Долженковтың айтуынша, Алматыда үлескерлердің саны жаңа сатылымдар жасалудың арқасында үнемі өзгеріп отырады. Осыған орай нысанды аяқтауға қажетті қаржы мөлшері де азайып отыр.
Әкімдіктің мәліметтері бойынша, "Алматыда 12 мың пәтердің иесі болатын 10 мың үлескер бар". Олардың қатарында, элиталық құрылыс нысандардың аяқталуын күтіп отырғандар да бар. Бұл құрылыстар үлескерлерді қолдаудың мемлекеттік бағдарламасына кірмейді, сондықтан олар элиталық ғимараттарды өз күшімен аяқтайтын болады.
Сонымен қатар құрылысшылардың бір бөлігі мемлекеттік қаржыландырудан бас тартып, өздері құрылыстарын аяқтауға қауқарлы. Алматыда сондай-ақ, мәселесі шешілмей отырған алты компания бар, олар бойынша жеке түрде мәселе қарастырылады. " Мәселесі қордаланған нысандар бойынша үлескерлер және қосымша жер беру арқылы тартуға мүмкіндік болатын жаңа инвесторлармен барлық механизмдер талқыланады", - деп хабарлады В. Долженков.
Әкім орынбасары хабарлағанындай, Алматыға үшінші тоқсанда 17 млрд теңге мөлшерінде екінші транш бөлінеді. Оған 2500 мың пәтердің құрылысын аяқтауға мүмкіндік туады. Құрылысшылардың берген бағалары бойынша, басталған құрылыс жұмыстарын аяқтау үшін 58 млрд теңге қажет.
В. Долженков хабарлағанындай, таяуда әкімдікте құрылысқа бөлінген қаржыны бақылайтын топ құрылады. Үлеспен салынатын құрылысқа қолдау көрсету жөніндегі бағдарлама үш жылға арналған.