Caravan Logo

Алматыдағы ұлттық кітапхана Олжас Сүлейменовтың мерейлі кешін өткізеді

Алматыдағы ұлттық кітапхана Олжас Сүлейменовтың мерейлі кешін өткізеді

Кітапхана қызметкерлерінің хабарлауынша, осы оқиғаға арнайы Ұлттық кітапхана «Әрбір сөзден де құдай күлімдеп тұрды…» («И в каждом слове улыбался бог…») атты кітаби-көркемделген аккадемиялық көрме дайындап отыр. Шығармашылық кеште бейнеролик пен СD-диск көрсетіледі.

Кеште жақында құрылған «Олжас кітапханасы» атты баспа үйінің таныстырылымы болады. Ол қазақтың ұлы ақынының құрметіне жеті кітап басып шығарды (құрастырушысы - танымал ақын Сафар Абдулло). Олардың арасында әлемге танымал болған «Аз и Я», «Глинянная книга» («Қыш кітап»), «И в каждом слове улыбался бог…» атты өлеңдер кітабы және басқа да шығармалар бар.

Олжас Сүлейменовпен кездесуге дипломатиялық корпус өкілдері, танымал жазушылар мен ақындар, шығармашылық бірлестіктер мен ұжым, ғылыми-білім беру мекемелерінің, кітапханалардың, баспагерлер, мәдениет және өнер қайраткерлері шақырылды.