Алматыдағы ұшақ апаты: шұғыл телефон желісі іске қосылды

Bek Air әуе компаниясының Алматы – Нұр-Сұлтан рейсін орындауы тиіс болған жолаушылар ұшағы тұрғын үйлер секторы аумағында құлады, деп хабарлайды zakon.kz ҚР ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бортта 95 жолаушы және 5 экипаж мүшесі болған.

Оқиға орнында құтқарушылар, медициналық қызметтер мен тәртіп сақшылары жұмыс істеуде. Эвакуация жүріп жатыр.

- Жедел штаб құрылды, шұғыл желі іске қосылды: 8 (7172) 53-32-84. Алматы облысының төтенше жағдайлар департаменті 8 (7282) 22-02-13, 22-02-18. Нұр-Сұлтан қаласының төтенше жағдайлар департаменті 8 (7172) 24-52-12, 24-51-71, 24-51-47, делінген хабарламада.