Төтенше жағдайдың суреттерін куәгерлер портал редакциясына жолдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Өрт жайлы мәліметті ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің ресми өкілі Руслан Иманқұлов растады. Оның айтуынша, өрт Алатау ауданында Солтүстік айналма көшесі, №36 үйде шыққан.
"Үш-қоңыр" базарының аумағында бір қабатты ғимарат өртеніп жатыр. Өрттің аумағы анықталып жатыр. Оқиға орнында 24 өрт сөндіруші мен 8 арнайы өрт техникасы жұмыс істеп жатыр. Зардап шеккендер жайлы мәлімет түскен жоқ", - деп хабарлады Руслан Иманқұлов.