Естеріңізге салсақ, жазда Алматының қақ ортасында Гелиос компаниясына тиесілі жанармай тиеген жүк көлігі апатқа ұшырып, жол бойында жарылған-ды. Салдарынан 40 пәтерлі үй мен көшеде тұрған 14 көлік те жанып кеткен болатын. Ал жүргізушісі кабинадан шыға алмай өртеніп өлді. Мамандар осы апат себептерін біраз тексергенімен ақыры бір тоқтамға келе алмады. Өйткені көлік толық өртеніп кеткендіктен қажетті сараптамаларды жасау мүмкін болмапты. Марқұм жүргізушінің де кінәсі сол күйі дәлелденген жоқ.
Салтанат Әзірбек, Алматы қалалық ІІД баспасөз хатшысы:
- Автокөліктің толық өртенуіне байланысты сарапшылар сол апатқа әкеліп соқтырған жағдайды анықтай алмады. Қазір осы іс прокурорға жөнелтілді.