Алматыдағы жарылыс: АƏД мұғалімі 2 жылға бас бостандығынан айырылды

Бүгін АƏД мұғалімдері Ғабит Қарабалаев, Серік Баймулдин, Юрий Гавриленкоға қатысты сот үкімі шықты. Бұл туралы қалалық соттың баспасөз хатшысы Қуандық Ешімет айтты.

Оның айтуынша, Ғабит Қарабалаев  ҚР ҚК екі бабы - қару-жарақты заңсыз сақтап жəне адам өліміне əкелген əрекет жасағаны үшін   айыпты деп танылып, 2 жылға бас бостандығынан айырылды.

Айып тағылған екі мұғалім Серік Баймулдин мен Юрий Гавриленкоға қару-жарақты заңсыз сақтағаны үшін əрқайсысына 1 млн. теңге көлемінде айыппұл салынды.

Айта кетейік,  қайғылы жағдай былтыр қараша айында Алматы Сəн жəне дизайн колледжінде орын алған болатын. Алғашқы əскери дайындық пəні кезінде Ргд-5 қол гранатасы жарылып кеткен еді. Төтенше жағдай салдарынан 1 студент қаза болып, 8 студент ауруханаға түскен болатын.