Естеріңізге сала кетейік, Алматы полициясы 1 қыздың өмірін жалмап, 8 адамды жаралаған оқиғаға байланысты ҚР ҚК бірнеше бабы бойынша қылмыстық іс қозғады.
«Қазір аталған дерек бойынша қалалық ІІД тергеу басқармасы ҚР ҚК 251-бабы (Қару мен жарылғыш заттарды заңсыз сақтау, алу, сату, алып жүру) және 101-бабы (Абайсызда адам өліміне әкелу) бойынша қылмыстық іс қозғалды», - делінген хабарламада.
Тергеу барысында оқиғаның нақты себептерін анықтайтын бірқатар сараптаулар тағайындалды.
Сондай-ақ, ҚР ҚК 132-бабына сәйкес алғашқы әскери дайындық сабағының мұғалімі уақытша қамау изоляторына тоғытылды. 1967 жылы туылған азамат қазір процессуалды тәртіпте түсініктеме беруде.
Тергеу барысында қарудың оқу орнында қалай пайда болғаны мен кімге тиесілі екендігі тексерілмек.