Алматыдағы жарылысқа қатысы бар күдікті ретінде жеті адам ұсталды

Министр тергеушілер тобының жұмысына әсер ете алмайтынын айтып, қамауға алынғандардың атын атаудан және тергеу барысы туралы түсініктеме беруден бас тартты. Алайда, оның айтуынша, қылмыс бір топ адамның алдын-ала сыбайластығы негізінде жүзеге асырылған.

З.Тұрысбеков аталмыш қылмысқа қатысты тергеу жұмыстары оның тікелей өз бақылауында екенін еске сала кетті. "Тергеу барысы аяқтала сала біз бұл туралы ақпаратты бірінші болып таратамыз",- деп сендірді министр.
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, 12-мамырда Алматы орталығында жарылғыш зат жарылып, бір адам мерт болған. Полицияның ресми мәліметіне сәйкес, бұл - алдын-ала жоспарланып жасалған қасақана кісі өлтіру оқиғасы.