Алматыдағы жарылыстарға басты себеп - бұзақылық - Алматы қалалық ІІББ-ның жорамалы

Тергеу тобы қазір жұмыс бабындағы бірнеше жорамалды қарастырып жатыр. Лаңкестік туралы жорамал айтылмайды.

Мамандардың бағалауынша, жарылғыш зат ретінде 200 грамм тротилге эквивалентті, толтырғышы мен қабыршағы жоқ тротил құтысы пайдаланылған сыңайлы. Жарылыстар салдарынан ғимараттың бірінші қабатының үшінші терезесіне ақау келді.
Сол жерден өтіп бара жатқан кездейсоқ жүргінші жеңіл жарақат алып, оған дәрігерлік көмек көрсетілді.
Осыдан бірнеше минут бұрын қуаты тағы да осындай жарылыс ғимараттың бүйір жағындағы пайдалануға жарамай қалған телефон желісінің қалқанында шықты. Соның салдарынан қалқан бүлінді.
Алғашқы жарылғыш зат 18 сағат 25 минутта іске қосылды.